Қатысушылар

2009 жылдағы БИК жазылушылары

Телеарналар мен сейлс-хаустар

TV Media Advertising Agency

Қазақстан Республикасындағы үздік “Первый канал Евразия” телеарнасы мен сыртқы жарнамадағы жарнамалық мүмкіндіктерді сату құқығына ие Media sales house.
Астана

Астанадан таратылатын жалпы ұлттық қазақстандық телеарналардың бірі. «Нұр-Медиа» медиахолдингінің құрамына кіреді. Тәулігіне 24 сағат бойы қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады.
Видео Интернешэнел Казахстан (Ар-Ди-Медиа)   2006 жылдан бері жұмыс істейді. Видео Интернешэнел компаниялар тобының құрамына кіреді. 31 канал және Рахат-ТВ арналарында жарнамалық мүмкіндіктерді сатумен айналысады.
Ел Арна

Тоғыз жарым миллион ықтимал көрермені бар телевизиялық ойын-сауық арнасы. Қазақ және орыс тілдерінде хабарлар таратылады. Тарату басымдылығы – көркем фильмдер, телехикаялар, білім беру және мәдени бағдарламалар көрсетілімі.
Қазақстан

“Қазақстан” телеарнасын телевизиялық арналардың ардагері десе болады. Кино құжаттардың мол мұрағаты мен жақсы дамыған телевизиялық желісі бар арна. Арнаның негізгі көрермені кішкене қалалар мен ауылдық жерлердің, әсіресе қазақ тілді тұрғындары болып табылады.
КТК

“КТК” телеарнасы. Жиырма жыл бойы еліміздің телевизиялық нарығында үздіктер қатарындағы ұлттық тарату мәртебесі бар арна. КТК ең алдымен өздері өндіретін бағдарламаларға бағытталған.
НТК

Ұлттық жеке меншік арна. Бағытын нағыз белсенді жас адамдарға ұстанады. Арнаның ұстанатын саясаты – болашақта жайлы да сапалы (әлеуметтік-демографиялық жағынан) телевизиялық аудитория қалыптастыру.
Первый канал Евразия

«Евразия» Бірінші арнасы » – Қазақстандық тәуелсіз телеарна.  «Евразия» Бірінші арнасы » еліміздің ірі көлемді ғана емес, ең кеңінен таралған арнасы болып келеді. Арнаның жетекшілігін телекөрермендер санын әр түрлі әдіспен өлшейтін, бірнеше әлеуметану қызметтер мәліметтері куәландырады. Арнаның бағдарламалық саясатында басымды болып, ағартушылық, зияткерлік, мәдениеттанушылық бағдарламалар мен ойын-сауық хабарларға жататын, оның ішінде ең танымал жанры – кинокөрсету, және жаңалықтар, қоғамдық-саяси мен аналитикалық теледидар бағдарламалар дәстүрлерін сақтау және дамыту болып келеді.
СТВ

Қазақстанның ақпараттық нарығында он жылдан бері хабар таратып келе жатқан тәуелсіз телеарна. Бүгінде «СТВ» Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Павлодар, Петропавловск, Қарағанды, Теміртау қалаларында хабар таратады. Арна тілшілері Қазақстанның көптеген облыс орталықтары мен ірі қалаларында жұмыс істейді.
Седьмой Канал

Жаңалықтар, аналитикалық бағдарламалар, кинофильмдер мен хикаялар, ғылыми-танымал фильмдер мен жеңіл ойын-сауық шоуларын қазақ және орыс тілінде таратады. Әрбір қазақстандық «менің арнам» деп айтуға мүмкіндік туғызу үшін, арна барынша қажырлы еңбек етуде.
ТАҢ   Қазақстан аумағында тіркелген бірінші жеке меншік телеарна. Ықтимал көрермені 1,5 миллионнан асады. Телеарнаның басты өнімі – өзіндік жаңалықтар шығарылымы болып табылады, онда қала оқиғаларына ерекше мән беріледі. Жеке шығарылымдағы жобалары қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асады.
31 канал ТРК

Жалпы ұлттық, республикалық телерадиокомпания. Өз бағдарламаларын даярлау тәжірибесі бар.
ТРК МИР

1992 жылдың қазан айында сегіз мемлекет басшылары – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан — “Мир” мемлекет аралық телерадиокомпания құру жөнінде Келісімге қол қойды.
Хабар Қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын ұлттық телеарна, 13 миллионнан аса ықтимал көрермені бар. Хабардың басым бөлігі – жаңалықтар. Ақпараттық бағдарламалар эфир уақытының үштен бірін алады. Агенттіктің публицистикалық, ойын-сауықтық, музыкалық, спорттық, т. б. бағдарламалары көрерменнің жүрегіне жол таба білді.

Жарнама агенттіктері

Big Idea Group

DAS Marketing

Initiative Kazakhstan

Magma Media

McCann-Erickson Kazakhstan

Media First

Media Planning Group

MuzZone

Non-Cash Transactions

Open I

Quattro Media

Sky Central Asia

Starcom Kazakhstan

TV Plus

АПР Эдвертайзинг Центральная Азия

Публисис Груп Медиа Казахстан

Пятый Этаж

СТ Медиа

Штаб Медиа

Пікір қалдыруға рұқсат жоқ.