Комитет туралы

Негізгі телеарналар мен жарнама агенттіктерін біріктірген біріккен индустриалды комитет 2001 жылы құрылды. Комитет Гэллап Медиа Азия тобымен телевизиялық зерттеу жүргізуге келісімге отырды. Бұл ТМД елдеріндегі ең алғаш жағдай.

БИК құрудың негізгі мақсаты:

  • өлшеуіш жұмысын қамтамасыз ету үшін қаржыны бір жерге жинақтау;
  • аудитория ауқымы және телевизиялық эфир мониторингі жөнінде анық ақпарат алу үшін өлшеуіш жұмысын бақылау;
  • шарттық міндеттемелерді орындау бойынша БИК қатысушыларының қызметін бақылау;
  • ТВ панелінің аудитін жүзеге асыру;
  • қондырғылық зерттеулердің өткізілуін бақылау;
  • телевизиялық өлшеуіштерді өткізуге тендерлер ұйымдастыру.

Біріккен Комитеттің Жарғысынан үзінді:

«Комитетті құру мақсаты және міндеті – қоғамда тарату және тұтынушы-пайдаланушылардың құқығын қиянатшылықтан қорғау мақсатымен қоғамдық тұтынушылардың осы салалардағы телехабар, телеметрия мәселелері жөніндегі нақты ақпарат алуларын қанағаттандыру, сапасы сәйкес келмейтін қызметтер ұсыну, телеметрия, телевизиялық хабар тарату саласында және сертификацияда әлемдік тәжірибені оқып үйрену… болып табылады».

БИК құрылымы:

Басқарудың Жоғары Кеңесі – БИК конференциясы. Кеңестің өкілетті өкілдері мен мүшелерінен тұрады. Өз жұмысында БИК конференциясы Жарғыны басшылыққа алады, жылына бір реттен кем емес қажеттілігіне қарай жиналады.

Конференциялар арасындағы уақытта БИК қызметіне басшылықты атқарушы хатшы жүзеге асырады. Ол комитет қызметінің басшылығына қажетті барлық өкілеттікке ие. Жылына бір реттен кем емес Конференция алдында атқарылған жұмыстар жайында есеп береді және түскен кіріс пен шығындар туралы есепті Конференцияның бекітуіне береді.

Пікір қалдыруға рұқсат жоқ.