Зерттеулер

www.tns-global.kz

1997 жылдың қыркүйегінде құрылған TNS Central Asia Қазақстан аумағындағы БАҚ мен жарнаманы зерттеулер, әрі маркетингтік зерттеулер саласында мамандандырылған алдыңғы қатардағы зерттеу компаниясы болып табылады. Құрылтайшылары – ресейлік зерттеу компаниялары Gallup Media және Gallup AdFact, сонымен қатар Brif Central Asia әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі. Біріккен Индустриалды Комитет серіктесі – TNS Central Asia зерттеу компаниясы. Қазақстандағы медиа өлшем саласының алғаш компания және көшбасшысы, БИК-тің алғаш құрылған кезінен бастап келе жатқан тұрақты серіктесі. Телеөлшемдерді жинау мен қайта өңдеуде TNS Central Asia жаңа технологияны пайдаланады. «…Personal People Meter (PPM) – пейджер көлеміндегі аспап, оны респонденттер күні бойы алып жүреді. Ол телеарна эфирінің дыбыстық ағынына қосылып, идентификациялық кодтарды анықтай отырып жұмыс істейді. Аспап респонденттерге күнделікті өмірде кедергі жасамайды және олардың телекөрімді үнемі жазуға және радионы тыңдауына ауыртпалық түсірмейді». http://www.tns-global.kz/ru/anons.php

БИК сайты TNS Central Asia панелінің РРМ мәліметтері негізінде бағдарламалардың орташа рейтингін ұсынады.

Жалпы ұстанымы: Әзірге қызықты деген айдарлар таңдап алынды. Айдарлар үшін материалды таңдаудың басты шарты ТВ бағдарламалар шығарушылары арасындағы мықты бәсекелестіктің бар болғаны. Бұл жерде күнделікті, сағат сайын рейтинг үшін күрес жүріп жатады. Рейтингті әділ түрде салыстыру үшін барлық шолу бағдарламалары үшін (All 18+) жалпы ересек аудиторияны пайдалануды шешті. Күнделікті бағдарламалардың (жаңалықтар, хикаялар) рейтингін салыстыру үшін апта ішіндегі орташа рейтингілер алынады. Апталық бағдарламалар үшін (апта ішіндегі қорытынды жаңалықтар, ойын-сауық бағдарламалары, әзіл-сықақ) жеке шығарылым рейтингісі алынады, себебі шолу кезінде бағдарламаның бір реттен басқа көрсетілімінің болуы мүмкін емес. Көркем фильмдер бір реттік эфирлік оқиға ретінде салыстырылады, прайм мен оффта жеке қарастырылады, себебі рейтингілер әр түрлі және жалпы көрінісі былай бөлген кезде, айқын көрінеді. Бұл ретте шолуға арналған прайм шекаралары 18:00-ден 24:00-ге дейін кеңейтілген, өйткені, көптеген фильмдер классикалық прайм болғанға дейін (19:00) басталады, дегенмен ұзақтығы себебінен, негізгі праймға сәйкес келіп қалады, ал екінші жағдайда олар классикалық праймның (23:00) соңына таман басталуы мүмкін.

Күнделікті жаңалықтар. Жаңалықтар жергілікті қазақстандық өнім болғандықтан қызықты келеді. Рейтинг шолуы теледидар аудиториясының телеарналардың жаңалықтар тобының кәсібилілігін бағалайтынын көрсетеді. Телеарналардың арасында қорытынды күнделікті жаңалықтар мен апталық аналитикалық бағдарламаларға салыстыру жекелей жасалды, себебі, бұлар өзара жақын болғанмен, тележурналистиканың әр түрлі жанрлары. Солайша, шолу мерзімі бір аптаны құрайды, ал күнделікті жаңалықтарға салыстыру аптаның жұмыс күндері жаңалықтар бағдарламасының орташа рейтингісі бойынша жасалды.

Пікір қалдыруға рұқсат жоқ.