Қазақстанның теледидар нарығы 2009 жылы өзінің қатыстық тұрақтылығын көрсетті

Таблица

Қарау үлесін өлшеу қорытындылары бойынша алдағы үш жетекші 2008 жылдағыдай болып қалды (Бірінші арна «Евразия», КТК, 31/СТС). (Кестені қара)

«Первый канал «Евразия» арнасы шартсыз жетекшілігін сақтап қалды. Ол 2009 жылды  41.62 үлесімен аяқтап, көрермендерін мүлдем жоғалтпаған басым арна болып қалды. «Первый канал «Евразия» арнасының ізін басып, бірнеше жыл қатарынан басқа теле жарнаушылардан айтарлықтай озып келе жатқан үш арна бар. Олар   КТК, 31 арна және НТК.  Биыл аудиторияның айтарлықтай көлемі  кабель жүйелеріне көшкені айқын болды. Осылайша, 2008 жылы Алма-ТВ-да 1.84 үлесі болған, ал 2009 жылды бұл кабель жүйесі, дереу рейтингтік жарыс жетекшілері соңынан орын алып, 5,77 үлеспен аяқтады. Ал ең көзге түсерлік төмендеу «Ел Арна» арнасының 2008 жылғы 5 орыннан 2009 7-ге түскені болды. Оның үлестегі жоғалтулары 3 тармақ құрды – 2008 жылы 7,27-ден 2009 жылы 4.34-ке дейін. «Ел Арна» былтыр қазақстандық жетекшілерді қуып жеткен арнадан биыл орта деңгейге түсіп қалды деуге болады. (Кестені қара)

«Хабар» мен «Астана» арналарында да көрермендерді жоғалту байқалуда, олар 2009 жылының қорытындысы бойынша арналар рейтингінде өзара орын ауыстырған. Демек, «Хабардан» көрермендердің шамасы жартысы кетіп қалды. Жаңалардан тек «Қазақстан» телеарнасы ғана айтарлықтай көрермендер санын жинай алды.  «Қазақстан» 4.97 үлес жинап, эфир арналары арасында 5 орынға ие болды. «Седьмой канал» («Жетінші арна») әзірше өз көрерменін басқа арналардан ұтып алмады. (Кестені қара)

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз