2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда барлық медиатасығыштар бойынша жарнамаға деген шығындар 23,3% қысқарды. Business Resource жазғандай, TNS Central Asia компаниясы жүргізген зерттеудің нәтижесі осындай болды.
«Жарнамалық бюджеттің ең көп қысқаруы баспасөзде–32,8%-ға және радиода – 32,7%-ға байқалады. Жалпы, 2009 жылдағы жиынтық жарнамалық бюджет $692,3 млн құрды, ал 2008 жылы ол $902,8 млн құрған болатын», – деп TNS Central Asia зерттемесінде белгіленген. Сонымен қатар, теледидардағы жылдық жарнамалық бюджет көрсеткіші $549,2 млн құрды, бұл 2008 жылдың көрсеткішінен 21,3% төмен болады.
Ақпарат көзі: profinance.kz