Ғаламтор теледидарды ысырып шығаруда

InternetҚазақстанда ғаламтор-бизнесіне деген қызығушылық одан әрі өсуде. Бұл жайы нарықтағы ірі кәсіпқой ойыншыларының пайда болуы және ғаламтор-жарнамасына жіберілетін бюджеттің өсуі дәлелдейді. Казнетті 2010 жылы не күтетіні туралы Profinance.kz сұхбатта web-development саласындағы сарапшы Василий Ульянов әңгімелеп берді.

— Қазақстанда ғаламтордың қазіргі уақыттағы рөлі маңызды болып келуде. Бұл туралы мемлекеттің өсіп келе жатқан қызығушылығы да, нарыққа ірі халықаралық ойыншылардың шығуы да, кәсіби ғаламтор-ресурстарының пайда болуы да, 2009 жыл бойынша қолданушылар санының екі есе көбеюі де дәлелдейді.  ҚР Ақпаратттану және байланыстар бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша 2009 жылдың қолданушылар саны – 4,7 млн. Нарықтың даму көрсеткіштер арасында ең маңыздыларының біреуі ретінде ғаламтор-жарнама көлемдерін атауға болады. Ғаламтор-жарнаманың 2009 жылдағы жинақталған көлемі шамасы $5 млн болды. Бірақ, ғаламтордағы жарнама бағасының біркелкі болмағаны байқалады. Қазақстандық алаңшалар ресейліктермен қатаң бәсекелестікте жұмыс атқаруда. Ресейліктер трафик көлемі мен төменірек бағалармен «қысады». Бірақ, шетел сайттардағы жарнама жат, біз үшін жарамайтындай болып көрінетіндіктен, жергілікті алаңшалардың тиімділігі жоғары болады.  Біздің алаңшалар аудиторияның жеткілікті деңгейде камти алған кезде, жарнама берушілер мен жарнама агенттіктері жергілікті сайттарға «бет бұратын болады». Қазақстанда ғаламторда өзін алға жылжытатын сайттар, жарнама агенттіктер, компаниялар саны мен сапасы тек қана өсетін болады. Аталған нарық 2010 жылы үш есе өсетіні мүмкін.

Ақпарат көзі: Profinance.kz

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз