КТК: 20 жыл эфирде

Арман ШураевАлдағы мерейтойы, өзіндік телехиқаялар өндіру, бас бәкелестері мен отандық теледидарға не жетіспейтіні туралы «КТК» телеарнасының бас директоры Арман Шураев әңгімеледі.

-Арман Тулегенович, КТК арнасы жақында өз 20-жылдығын тойлап өтеді. Көрермендер үшін ерекше бір нәрсе дайындап жатырсыздар ма?

КТК әнұранын шығару бойынша сайыс басталды. Біз көреремендерімізге – КТК сіздерге қалай көрінеді деп қаралдық. сонымен қатар, көреремендермен бірге КТК-ның тарихын құратын, 20 жыл ішінде шығарылған өзіміздің хабарларымызды еске түсіріп жүрміз.  «Халық кейіпкерін» іздеп жүрміз.

— Сіздер өз телехиқаяңызды түсіріп шықтыңыз. Көркем фильмді шығаруға қатыстыңыз. Шынында да өз кино мен телехиқаяларды шығарумен айналысуға шешім қабылдадыңыз деуге бола ма?

Өзіндік сапалы контентті шығару, оның ішінде телехиқаялар мен кинофильмдерді – біздің даму стратегиямыздың бір бөлігі. Біз уақыт пен жаңа технологиялармен бір қатарлы болуға тырысамыз.   Қазір КТК тапсырысы бойынша қазақ тілінде жеті сериялық «Айша» телехиқаясы түсіріліп жатыр. Біздің көрермендеріміз күзге қарай қазақстандық теледидар тарихындағы мемлекеттік тілдегі алғашқы телехиқаяны көретін болады.

— Бүгінгі күні КТК қазақстандық контент арасында бірінші қатар алуда. КТК жаңалықтарының басқа арналарға қарағанда таралғандығы ненің есебінен болғаны дейсіз?

Біз қазақстандықтардың көпшілігін толғандыратын туралы ең ашық түрде сөйлеуге тырысамыз. Сонымен қатар, ҚТК жаңалықтары шамасы 20 жылға толып қалды. Осы уақыт ішінде бір нәрсені болса да үйренген шығармыз деп, ойлаймын. Бұдан басқа, біз әрдайым жаңалықтарға қаражат салудамыз: нақты бейне, ұятқа қалдырмайтын студия, іс сапарлар, техника, тәжірибелі журналисттер – осының бір де рейтингті құрады.

— Өзіңіздің басты бәсекелес деп кімді санайсыз? Және де жалпы қазіргі уақытта БАҚ нарығындағы жоғары көрсеткіштерді қуу қаншалық шиеленіскен?

Бүгінгі күні біздің басты бәсекелесіміз — кабельдік теледидар. Әсіресе, ресейлік арналар.

Ал жарнамалық саясат ше? Ол қатаңдау болып түсті ме? Әлде сіздер, жоғары рейтингтерге байланысты, қатаңырақ әрі қымбатырақ болдыңыз ба?

Жарнамалық саясат, сату, сондай-ақ, сатып алу тұрғысынан да, көп жылдар бойы бізде өзгермейтін бір бағытта болып, барлық нарықтың тек жыл сайынғы медиа-инфляциясын бейнелеп көрсетеді.  Біздің ойымызша, жоғары рейтингтер серіктестермен (біздің жарнама берушілерімізбен) құрылған қатынастағы саясатты өзгертудің себепкері болып келмейді.

— Сіздің ойыңызша отандық теледидарға не жетіспейді?

Мемлекеттің қолдауы. Шын мәнінде, біз ақпараттық импорт орнын ауыстыруымен айналысып жүрміз. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігінен маңызы кем болмайтын, ақпарат қауіпсіздігі мәселесін шешуге тырысып жүрміз. Мемлекет ірі тележобаларды тек мемлекеттік арналарда ғана қаражаттандырмау керек, әсіресе бұл қазақ тіліндегі бағдарламаларға қатысты болады.

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз