Қазақстандағы 2009 жылдың Медиа-қорытындылары

G1_03

   Интерньюс Қазақстан «Мой мир», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерде және ұйымның ресми сайтында сұраулар жүргізді. Барлығы дауыс беруге 92 адам қатысты.

    Биылғы теледидар жаңалықтарының ішінде көрермендер мен кәсіпқойлар 31 арнадағы «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының жаңа тұрпатын, «Астана» арнасындағы «Город мечты» («Арман қала») телехиқаясының көрсетіле басталуын,  «Рахат» телеарнасы СТВ белгісі арқылы атын жаңғыртқанын, Қазақстан арнасындағы  «Екi жулдыз»  шоуы мен 7 арнаның ашылуын атап өтті. Дегенмен, қолданушылардың кейбіреулері «Город мечты» («Арман қала») телехиқаясы мен 7 арнаның ашылуын бірдей бастамаға да, сәтсіздікке де жатқызуға болады деп тапты. Сұрау барысында тек жағымды пікірлерді жинап келе жатқан  «Екi жулдыз» шоуы көрермендермен соңғы шығарылымы үшін қатты сыналып, талқаны шығарылды.

Бұлардан басқа, қолданушылар жылдың жаңалығы ретінде —«М@триЦА» (Интерньюс), «Позитив-шоу» (Астана), «Семейный бюджет» («Отбасылық бюджет») (Таң) бағдарламаларын белгілеп өтті.

Сұрауға қатысушылар баспасөздің екі жаңалығын белгілеп өтті: тұңғыш қазақстандық «GO!GO! Magazine» папарацци журналы мен vesti.kz.порталы бар «Фокус» газетін.

Ал қолданушылардың көбі жылдың ең үздік бастамасы деп санайтыны, бұл, дағдарысқа қарамастан, дамып келе жатқан саланың жалпы күйі.

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз