БИК сайтындағы «Сараптық пікір»

expert-1Біріккен Индустриялық Комитетінің сайтында жаңа «Сараптық пікір» айдары ашылуда. Онда біз Қазақстанның жарнамалық және теледидар нарығындағы оқиғаларға кәсіпқойлық түсінік беріп отырамыз.

Әр ай сайын біз телеарналардың, жарнама агенттері мен сейлс хаустар өкілдерінен алынған сұраудың деректемелерін жариялап тұрамыз.

Біздің сайтымыз пікірлер алмасу мен сындарлы сұхбат алаңы болатынына сенімдісіз.

Бұл жариялауда біздің ТВ рейтингте ұсынылған кейбір жеке телебағдарламаларды көру жөніндегі пікірді Сіздерге жеткізіп тұрамыз.

 Олег Бородулин мен Александр Михайлов «Күнделікті жаңалықтар» категориясының мәліметтерге түсініктер беруде. Сарапшылар келесі сұрақтарға жауап берді:

1. Бұл телекөрудің ерекшеліктері бар ма екен. Әлде оны кез келген басқа бағдарламаны көргендей көре ме (мысалы, телехиқаяларды немесе әзіл-сықақ бағдарламасындай)?

2. Жаңалықтар көбінің рейтингі 1 бірліктен төмен болады. Бұл құбылыстың себебі неде?

3. «Время» (Бірінші Евразия, 22:00) бағдарламасының рейтингі ең жақын бәсекелесінің рейтингімен салыстырғанда 3 есе жоғары. Бұның себебі неде?

Сарапшылар ойлары бір жерден шықты. Олардың айтуы бойынш, аталған категорияны тек медиастатистикалар негізінде ғана талдауға болмайды. Себебі – «суреті» мен мазмұны болмағаны. Жаңалықтардың бір де бір шығарылымын сол арнадағы басқасымен салыстыруға да келмейді. Тыңдаушылар құрамы мүлдем басқа.      

Ақпараттық бағдарламалар 1 бірліктен төмен алған кездегі рейтингтің көрсеткішін алайық. Бұл жерде жаңалықтардың рейтингі төмен болудың себебін мазмұны (контенті) телекөрермендер үшін тартымды болмағанынан көру керек. Олай болмаған сәтте – рейтингтен дереу көрінеді!

 «Время» бағдарламасының жоғары рейтингі жаңалықтардың қызық берілуі мен олардың өзектілігімен түсіндіріледі. Бұған қоса, мен оның бірнеше жыл бойы шығу уақытының өзгермегенін атап өтер едім. Бұл «көру әдеті».

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз