Телевизиялық жүйені өлшеуді ұйымдастыру әдістеріне шолу

БАҚ коммуникация және жаппай әсер ету арнасы ретінде, жарнамалық ақшалар көзі ретінде де қоғамға көп әсер етеді. Сәйкесінше, бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу рөлі қоғамдық маңызға ие болып отыр. Әсіресе бұл рейтингіні өлшеуге қатысты.

Телевизиялық рейтингілік жүйені ұйымдастыруды келесідей бөлімдер жүзеге асырады:

Жеке жүйелер және коммерциялық жүйелер

Тарату комитеті

Біріккен индустриалды комитет

Көп жылдық халықаралық тәжірибе көрсеткендей, рейтингіні өлшеуді ұйымдастырудың тиімді түрі – индустриалды комитеттің осы не басқа оңтайландырылған түрі болып табылады.

♦ Индустрияның зерттеулерге белсенді қатысуының арқасында бағалар төмендейді, инерция азаяды және икемділік артады. Индустрия өкілдері коммерциялық негізде жүйенің басты артықшылықтарын басқа көздерге жүгіну құқын пайдалана отырып, пайдалануы мүмкін. Кейіннен, БИК моделінің басқа да көздерін пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда, зерттеуші-мердігер пайдаланушының келісілген талаптары негізінде бәсекелестіктің осы сыртқы құрамдастарының арасында оңтайлы бәсекелестікке мүмкіндік туғызады.

♦ БИК жұмысының «баяулығы» негативті дәлел бола алмайды, себебі бюрократ коммерциялық ұйымдар жүргізген өлшемдер нарық талабының тез және пара пар серпілісі үшін өте баяу болуы мүмкін. Бұл клиенттің бірыңғай пікірінің жоқтығынан, жартылай жабдықтаушының аса коммерциялық қызығушылығының әсерінен де болады.

♦ Біріккен индустриалды топ барлық маңызды тұтынушылар алдында жауапты болуы қажет. Егер осы топ жұмысына сатып алушылар мен сатушылардың барлық буыны қатыспаса, онда мұндай топ әділсіздікті/необъективность жөнінде кінә тағуға негіз береді және пайдаланушылардың бақылаусыздығына жол ашады.

♦ Альтернативті бақылаушы механизмдер (аккредитациямен айналысатын техникалық комиссиялар, ұйымдар) тиімді болуы мүмкін, ал алғы шептегі коммерциялық жабдықтаушылар қанағаттанарлық нәтижелер бере алады. Пайдаланушылардың қанағаттанарлығына индустрия тарапынан зерттеулерге тек максималды және үнемі бақылауда ғана кепілдік беруге болады. Шетелдік тәжірибелер көрсетіп отырғандай, ресейлік жағдай экзотикалық немесе бірегей болып табылмайды. Осыған байланысты жіберген қателіктерді қайталамай, бірден алға нық қадам басуымыз керек. Е. Конева – Комкон-2 (Ресей)

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз