Жарнама туралы

Авторы: Олег Бородулин
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін біз жарнама туралы ойлаған да емеспіз. Басты себеп – тауар нарығының, тауардың жоқтығы. Әрине, жарнама болмады деп айта алмаймыз, жарнама сол кездің жоспарлы-экономикалық өндірісінің өнімі болған еді.
Нарықтың пайда болуымен жарнама қоғамдық институтқа айналды. Ең алғаш жарнама хабарландыру түрінде болды. Жарнамалық хабарландыру мәтінінің сауатты жазылуы оның жұмыс істеуіне себепші болды. Кейіннен теледидарда роликтер, радиода джинглдар, ал баспа беттерінде модульдер пайда бола бастады.
Қазақстандағы жарнама нарығының пайда болуының келесі кезеңін жарнама агенттіктері мен сейлс-хаустардың пайда болу кезеңі десе болады. Бүгінде Қазақстанда барлық world-wide жарнама желілері ұсынылды. Сейлс-хаустар жөнінде айтар болсақ, қазіргі уақытта Қазақстанның ТВ буынында үш сейлс-хаус қызмет етеді: TV MEDIA Advertising Agency, ВидеоИнтернешэнел және жақында құрылған Арна Медиа құрылымы. Сейлс-хаустардың мақсаты – медиа-ресурстар тобының жарнамалық мүмкіндіктерін сату.
Елімізде жарнамалық технологиялардың дамуы барысында, өзіміздің мамандарымыз, өзіміздің ноу-хау пайда болды. Жарнамалық қызметтерді ұсынушы компания мамандары жарнаманың сұранысты ұстап тұратын экономикалық құрал ғана емес, тұтынушыларды, құндылықтарды қалыптастыруға әсер ететін идеологиялық құрал екенін де түсіне бастады. Басқа сөзбен айтқанда, жарнамашылар тапсырыскерге ұсынылатын өнімнің нәтижесі үшін үлкен жауапкершілікті алып жүретін болды.

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз