Медиа зерттеулер. Негізгі параметрлері.

filatova4Зерттеу компаниялары телеаудиторияны зерттеу кезінде барлық тұрғындарды қамтуы мүмкін емес. Себебі, уақыт жетіспеушілігі және/немесе қаржы тапшылығы. Сондықтан зерттеу компаниялары барлық халықты қамтымай, тек арнайы іріктелген адамдардан (респонденттерден) сұрау алады. Арнайы формулалардың көмегімен жеткілікті нақты мәліметтер, яғни аудитория қандай телебағдарламаларды және қандай телеарналарды қарайтыны жөніндегі ақпарат қалыптасады. Алынған рейтингілер көмегімен нарықтағы жарнама бағасы анықталады.
Әлемнің көптеген елдері сияқты, Қазақстанда да рейтингілер жасауға Біріккен индустриалды комитеті тапсырыс береді. Ол бірінші кезекте ресми мүшелер – бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама агенттіктерінің иелерінен тұрады. Зерттеулерді ұйымдастыру артықшылықтары келесідей: зерттеу сапасына бақыланатын баға қатынасы, қаржылық айшықтық және реттеушілік, барлық қызығушылық танытқан жақтардың қосылуы, зерттеудің барлық кезеңдері мен көріністерінің кәсіби сараптамасы.

Пікірлер
Пікір қалдыру »
Есіміңіз
Email
Пікіріңіз